Біздің жарияланым

Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Аршабеков Т.Т

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы

 директор орынбасары

                                    

Көне мекен -Қарағанды

 

Кез келген халықтың төл тарихының ғылыми бастауы, оның ежелгі тарихын талдауға алатын археологиясы болып табылады. Бұл ғылымның көне замандарға байланысты тас құралдарды, көне қоныс пен отбасы ошақ орындарын, көптеген бұйым, тұрмыс заттарын археологиялық негізде қазып іздестіру  арқылы зерттеп, жинайды. Мұндай тарихи ізденістің маңызы зор. Әр жерде жүргізілген қазба жұмыстары әрбір халықтың ең алғашқы мекен жайларының сырын ашуға, казіргі тұрып жатқан халықтардың көне шығу тегі туралы білуге жол ашады. Сөйтіп, археология әдісі, зерттеу құралдары арқылы әлем өркениетінің алғашқы қалыптасуы туралы, бүгінгі ұрпақтың рухани бастаулары жайында нақты түсінік аламыз. Археологиялық артефактілер – баға жетпейтін мұра, ғылым үшін де, қоғам үшін де мәні зор.

Сарыарқа өңірі археологиялық тұрғыда түбегейлі әрі нақты зерттелген аймақтардың бірі. Көне жәдігерлерді анықтауға бағытталған барлау мен қазба жүргізу жұмыстары нәтижесінде тарихшыларға көптеген ғылыми мәліметтерге қол жеткізді.  Соларға сүйеніп аса ерте мезгілде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білеміз.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-3 мыңжылдықтар мезгілін қамтиды мезолит пен неолит дәурлері құрайды. Мезолит дәуірінің ескерткіштері де тас индустриясы даму мәдениетімен байланысты. Мезолитінің ерте дәуірі шамасы б.з.б. 9-10 мыңжылдыққа сәйкес келеді. Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл тас өңдеу техниканың гүлденген кезі.

Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балта, шот, дәнүккіш, келі, келсаптар жасала бастады. Нефрит, яшма, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен  білезік, алқалар сияқты көптеген әшекейлер дайындау өрбіді.

Жалпы, неолит (жаңа тас ғасыры) – б.з.д. 7-6–4 мыңжылдықтар мезгілін қамтиды. Ол кездегі айнала қоршаған орта мен табиғаттың келбеті біздің осы заманғы бейнеде болды. Оған дейінгі дәуірлер, адам сипаты, табиғат жайы тұрғысынан да басқа боған. Жануарлар дүниесiнiң түрлері, құрамы өзгерiп, ендi аңшылардың аулайтыны көбiнесе бизон мен жылқы, жабайы ешкi мен киiк, қоян, үйрек болды.

Бiздiң заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-3 мыңжылдықтар мезгілін қамтиды мезолит пен неолит дәурлері құрайды. Мезолит дәуірінің ескерткіштері де тас индустриясы даму мәдениетімен байланысты. Мезолитінің ерте дәуірі шамасы б.з.б. 9-10 мыңжылдыққа сәйкес келеді. Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл тас өңдеу техниканың гүлденген кезі.

Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балта, шот, дәнүккіш, келі, келсаптар жасала бастады. Нефрит, яшма, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен  білезік, алкалар сияқты көптеген әшекейлер дайындау өрбіді.

Жалпы, неолит (жаңа тас ғасыры) – б.з.д. 7-6–4 мыңжылдықтар мезгілін қамтиды. Ол кездегі айнала қоршаған орта мен табиғаттың келбеті біздің осы заманғы бейнеде болды. Оған дейінгі дәуірлер, адам сипаты, табиғат жайы тұрғысынан да басқа боған. Жануарлар дүниесiнiң түрлері, құрамы өзгерiп, ендi аңшылардың аулайтыны көбiнесе бизон мен жылқы, жабайы ешкi мен киiк, қоян, үйрек болды[1].

Қарағанды төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге алғаш А.Ф. Семенов қызығушылық танытты. 1930 жылы Долинка кенті жанындағы қола дәуірінің қабірлері, Спасск кенті жанында қолы кеудесіне қойылып жерленген әйел денесі мәлім еді, сонымен қатар қоладан жасалған найза ұштары және найза, Қарағанды қаласының маңындағы Үлкен Михайловка жанынан табылған балшық ыдыстардың фрагменттері. Нақты орны белгісіз, бірақ Үлкен Бұқпа өзенінің жанында екені Г.В. Григорьев, М. Клапчук археологиялық материалдары жинағынан көреміз.

1933-1934 жылы Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында Нұра ГИИМК археологиялық зерттеулер өтті. Дәндібай, Әлепауыл және Орталық хутор қабірлеріне қазба жұмыстар жүргізіп, қола дәуірінің молаларын ашты. 1946-1947 жылы Қарағанды қаласының аумағындағы археологиялық ескерткіштерді Л. Ф. Кулешов зерттеді. Ол №26 шахта жанындағы Жаңа Тихоновка поселкасында 3 тұрақтан тас құрал тапты [2].

1960 жылы М. Клапчук Зеленая балка селосынан тас құралдар тапты, 1961 жылдың ішінде Жаңа Кірпішзауыты 1-2, 5, № 119 және 1 Майқұдық тұрақтарын ашты.

1930-1961 жылы Қарағанды қаласында зерттеулер бойынша 58 археологиялық ескерткіштер табылды. Ол тас және қола дәуірінің тұрақтары еді. 1958-1961 жылдары Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласының төңірегіндегі Батпақ селосына археологиялық зерттеулер жүргізді.

Батпаққа зерттеу жүргізуге түрткі болған, ол жерден плейстонцендық жануарлардың сүйектері табылды, соған байланысты, палеолит дәуірінің адамдарының қарулары табылды. Қарағанды төңірегінде жүргізілген археологиялық зерттеулерден табылған материалдарды жинақтап, алғашқы адамдардың тұрақтарын ашу туралы алға мақсат қойылды.

Зерттеулер ұзақ уақыттық дайындықты қажет етті: археологиялық деректер қарастырылды және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының археологиялық зерттеуерінің есептері, археологиялық және палеонтологиялық коллекциялар қаралды, өлкетанушылармен ашық әңгімелер өткізілді, Нұра өзенінің бассейінен табылған алғашқы адамдардың қарулары жиналды, Орталық Қазақстанның геологиялық материалдары қаралды.

Соңында археологиялық зерттеулердің есептік жоспары құрылды. Бұл жұмыстардан кейін көптеген материалдар жиналды. Сонымен қоса, А.А. Формозов Қазақстанның шөлді және жартылай шөлді жерлерінен археологиялық материалдар жинаудың тәсілін жасауға ұсыныс жасады.

Қарағанды–Пассажирская темір жолында балласт үйіндісінен 2 палеонтология дәуіріне жататын заттар табылды. Кейін белгілі болғандай, Шерубай–Нұра станциясынан, Қарағанды қаласынан 64 шақырымда орналасқан балластың карьерасынан әкеліп тасталынған [3].

Орталық Қазақстаннан табылған неолит дәуіріне жататын ескерткіштердің көбісі, Қарағанды қаласының төңірегінен табылған.

Қарағанды қаласы үш бөлімнен құралады: Дубовка, Майқұдық. Шығысында Майқұдық, Михайловка кенті. Қарағанды қаласы – Ескі және Жаңа Майқұдық, Ескі қала, Жаңа Тихоновка, Жаңа қала, Кірпішзауыты 1-2, Федоровка. Бірақ алғашқы адамдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталғандай Қарағанды қаласының аумағында одан ертеде өмір сүрді. 1930 жылдары олар туралы жазба бар. А.Ф. Семенов зерттеулерінде жалпақ түпті ыдыстар, Үлкен Михайлов төңірегінде табылған деп жазылған.

1946-1947 жылдары И.К. Күлешов Жаңа Тихонов мекенінде 3 тас дәуірінің тұрақтарын ашты. 1932-1957 жылдары Г. В. Григорев андроновтық керамикалар мен тас құралдарын Үлкен Бұқпа өзені жанынан тапты.

1958-1961 жылдары Қарағанды қаласының аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде, 45 археологиялық ескерткіштер табылды. Қарағанды қаласының төңірегіндегі көп қабатты Қарағанды 15 тұрағына ерекше мән берілді [4]. Кіші Бұқпа және Соқыр өзенінің Майқұдыққа қарай оңтүстігінде орналасқан. Мұнда табылған заттар өте көп болды, (921 зат) және жануарлар сүйектері, бұл тұрақ бірнеше қабатты болды.Тұрақтың 2-3 мәдениет қабатынан көптеген материалдар табылған болатын. Жануарлардың сүйектерінің фрагменттері әр түрлі дәрежеде сақталған. Осы жерден 1035 тас құралдар; 27 нуклеус, 226 фрагментті пышақ түрлері, 200 астам дайын құралдар табылған.

Нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, қырғыштар кейінгі неолит немесе қола дәуірінің қабатында анағұрлым көп болған. Төменгі қабатынан Орталық Қазақстан аймағының неолит мәдениетіне тән ірі тас моншақтары, пышақ тәрізді жылтыр тастан, яшмадан және халцедоннан (қимасында ұшбұрыштың немесе трапецияның дұрыс пішінін құрайды) дайындалған бір зат табылған. Олардың арасында ұзындығы 6-8 см, ені 1,5-2 см және ұзындығы 2-3 см, ені 5-6 см тіліктер бар. Қырғыштар саны айқын көрсетілген. Пішіні әркелкі, арасында домалақталған, жайпақ, үшбұрыш тәрізділері де көп. Қимасы сегмент тәрізді, биіктігі 0,8 см, диаметрі 3-3,5 см домалақтанғандар да бар, ойықты, пішінді, қырнап, кесуге болатын тұмсық ұштылары сирек кездеседі. Ежелдегі адам ауа-райы суық болу себебіне қарай киім ретінде жамылып пайдалануға қолайлы аңндардың терісін көп өңдегенге ұқсайды. Қырғыш сияқты еңбек құралдары осы мақсатта дайындалып, пішіні ыңғайлы етіп жасалған сыңайлы.

Қарағанды-15 тұрағының мәдени қабатынан табылған нуклеустар пішіні түрлі әрі көп болумен ерекшеленеді. Арасында конус, сына тәрізді, призмалық, кейде бұлтық қабығы бар және эллипске ұқсаған немесе тік бұрышты кескіні бар ірі тілік сынығының іздері қалған диск пішінділері кездеседі. Әрине, көптеген жалпақ пышақ сяиқты тіліктер мен ұш шығыңқы қырғыштар нуклеус типіне ұқсатып жасалған.

Тұрмыстық құралдар арасынан 33 дананы бір немесе екі бүйірі шеттерінде ірі ретуші бар жалпақ және үлкен кварцит пен кремний жоңқаларынан дайындалған алып қырнауыш құраған. Ісмерлер нәзік өндеу жұмысы үшін трапециялар, қыстырмалар, ұсақ кескіштер, тескіштер, өткір тастар түріндегі түрлі құралдар қолданған. Яшма, халцедоннан және жылтыр тастардан жасалған бұл құралдар жұқа ретушь, мұқият өңделумен ерекшеленеді.

Қарағанды қоныстарынан аңшылар пайдаланған құрал-сайман ішінде пішіні, түрі көз тартатын яшма, жылтыр таст, кварциттен жасалған жебе (31), қысқа сапты найза ұштары (21), қысқа және жалпақ жапырақпішінді, қысқа, тар сағасы ойық келген шағын формадағы, қиық тәрізді сабы ұзын, жапырақ тәрізді сабы ұзын, жапыраққа ұқсаған сабы қысқа, үшбүрышты түбі домалақ, қимасында пішіні сопақ ұзын, тар қашауға ұқсаған, қимасы сопақ және ұшы типыл, тар, ұзынша келген пішінді өте көп түрлері бар. Кейбірінің ұштары қимасы трапеция пішінді болатын көп зат табылды. Жебе ұштары бір жақтан (көбінесе екі жақтан) ретушьпен өңделген. Тіліктерден жасалған кейбір ұштардың тек қырлары өңделген, ал арқасында ретуші жоқ, қиық немесе трапеция пішінді.

Зеленая балка–бұлақтың қасында, жаңа Қарағандыдан 6 шақырым оңт.-шығысқа қарай, қала маңындағы «Доскей» кеңшарының аумағындағы жер эрозиясының үрлеуінен анықталған төрт тұрақтан құралған топ. Бұл жер сазды ландшафтымен және жер асты суының көптігімен сипатгалады.Зеленая балка 4 тұрағы кейінгі неолит дәуіріне тиесілі. Оны 1962-1963 жж М.Н. Клапчук зерттеген. Қазба жұмыстары 25 ш м ауданда жүргізілді. Мәдени қабаттан және ашық жерлерден 1530 кремний бұйымдары жиналды: 98 нуклеус, 755 пышақ тәрізді тілік, 39 тіліктерден жасалған ұшты қырғыштар, 228 жоңқалардағы қырғыштар, 25 жебе ұштарының сынықтары, 17 қысқа сапты найзалар, 15 қырнағыш, 8 қыстырма, 6 трапеция, 4 тескіш, 21 кетпен, сондай-ақ, көптеген жануарлар сүйектері және колмен жапсырылған керамиканың бөлшектері. Қарағанды тұрақтарының күлі мен көмірі көп үйілген тас ошақтардың болуы, ал оның жанында жануар сүйектерінің, тас және кремний құралының жиналуы барлығына тән. Қарағанды қаласы мен оның маңайында неолит пен қола дәуірі ескерткіштерінің көп шоғырлануы Қарағанды торабы Еуразия даласындағы қола мәдениетінің ірі орталығы болғандығын дәлелдейді.

 

Әдебиет тізімі:

 

1  Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. – А.: «Наука», 1982

2  Марғұлан Ә. Шығармалары. – Алматы: «Алатау» баспасы. – 7 том. -47б

3  Клапчук М.Н. Отчет об  археологических исследованиях на территории  Центрального Казахстана в 1962 г. Архив ОА № 220 С 6.

4 Клапчук М.Н. Материалы раскопок на стоянке Караганды -15. Архив МИИАЭ. №185

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.