Музей тарихы

Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Қарағанды облысындағы жалғыз көркем өнер мұражайы 1988    жылы ашылды.

Мұражай коллекциясы әр түрлі жолдармен жиналды. Бүгінгі күні мұражай қорында 10 мыңнан астам жәдігер бар. Мұражайдың «Алтын қоры» 40 Еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің және ТМД мен Қазақстанның Халық суретшілерінің шығармаларынан тұрады.

Алдымен мұражай қорында қарағандылық шеберлердің сыйға тартқан шығармалары болды олар: Қазақ КСРО Еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Әбілқасов, В.Крылов, суретшілер П.Антоненко, П.Реченский, В.Шамшин, П.Андриюк. Көптеген шығармаларды кескіндеме, графика және мүсін, сәндік қолөнер туындыларын мұражайға сыйға тартқандар Г.Гилевский, А.Осипенко, Ю.Камелин, А.Плотников, М.Джунусов, С.Саносян, А.Билык, Ю.Гуммель, В.Шульга, А.Сердюк, В.Иманасов, В.Малькевич, С.Қалмаханов, Т.Кеңесбаев, М.Қалқабаев, Ф.Исламова, ерлі-зайыпты Орловтар, Л.Смаглюк және басқалар. Олардың шығармалары  әр түрлі тақырыпта, әр түрлі техникада орындалған.

Мұражай ашылысымен, мұражай ұжымы алғашқы директоры – өнертанушы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Н.И.Иванина бастап КСРО, РСФСР, Қазақ КСРО мәдениет министрліктеріне, Мелекеттік Эрмитаж дирекциясына, Орыс мұражайы, Қазақстан Суретшілер Одағына  көмек сұрап өтінішпен шықты.

Қазақстан Суретшілер Одағы көркем өнер көрмелер дирекциясы мұражай қорын қалыптастыруда алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Біз Алматыдан жүзден аса автордың  300 – ге тарта кескіндеме және графика жұмыстарын алдық олардың ішінде Қазақ КСРО Халық суретшілері Н.Крутильников, Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева, Н.Нұрмұхаммедовтер бар еді. Олардың шығармалары 40-шы 80-ші жылдары жазылған, республика өмірінен сыр шертетін өзіндік аңызға айналған туындылар. 60 тарта туындыны Кеңес мәдениет қоры сыйға тартты. Бұлар Кеңес  өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ОСТ өкілі (20 жылдардағы станокшылар қоғамы) С.Лучишкиннің кескіндеме және графикасы болатын. Бұл суретшінің шығармалары Мемлекеттік Третьяков галереясында, Орыс мұражайында сақталған. Біздің мұражайға  «Мәскеу суретшілер серіктестігі» бірлесітігнің мүшесі, кеңестік қуыршақ театрының негізін қалаушылардың бірі  Н.Симонович-Ефимовтың 1925-27жж., жұмыстары түсті, мәскеулік суретші-полярник, география қоғамының мүшесі – И.Рубанның кескіндеме жұмыстары, 1930-40жж.,  орындалған,  Д.Митрохиннің  графикасы, Я. Налустың 1905 жылғы тақтайға салған суреттері қорда бар.

Мұражайдың негізгі мақтанышының бірі біздің жерлесіміз – Қазақстанның Халық суретшісі, артист, режиссер, хореограф Әубәкір Ысмайыловтың акварель жұмыстары. 1939 жылы Ә.Ысмайылов Москва көркем өнер институтын бітіріп шықты. Мәскеулік суретшілер А.Герасимов, В.Фаворскийден, В.Иогансоннан дәріс алған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Халық компартиясы ұйымдастырған көшпелі көрменің ең жас қатысушысы болды.

Әубәкір Ысмайылов Қарағандының аңызын жазған алғашқы суретшілердің бірі, алғашқы ұлттық бейнелеу өнерінің ірге тасын қалаушылардың бірі, Ә.Ысмайыловтың картиналарын әр түрлі елдердің 20-дан астам мұражайларынан көруге болады.

Мұражайдың атқаратын басты міндеті негізгі қызметі ол әрине, жинастыру, қалыптастыру, шығармаларға ғылыми зерттеу жүргізу, оның өнердегі бағыты мен құндылығын анықтау, қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын насихаттау, қазақ халқының ұлттық шеберлерінің даму тарихын зерттеу, келешек ұрпаққа уағыздай отырып, мұра етіп қалдыру. Қарағанды өнерінің кәсіптік дамуы мұражай қорында 30-шы жылдардан басталады. Ең алғашқы жұмыстар ол 1934 жылы Қарағандыға қала мәртебесі берілгеннен кейін пайда болған. Қарағандының тағдыры қуғын-сүргінге ұшырағандар өмірімен өте тығыз байланысты сондықтан да, біздің топырағымызда кәсіптік бейнелеу өнерін қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілер қалыптастырды. Олардың көбісінің тағдыры біздің қаламызбен бірге қалыптасып, өмірінің соңына дейін Қарағанды қаласымен байланысты болды.

Олардың ішінде қаланың көркем дамуына бірден-бір әсер еткен А.С.Пушкин атындағы  Мәскеу мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының  директоры болған В. А. Эйферт, графикші Л. Э. Гамбургер, кескіндемешілер П. П. Фризен, С. Ивашев-Мусатов, Л. А. Усайтис, неміс суретшісі Генрих Фогелер, бүкіләлемдік танымал су бояумен сурет салудың шебері  А. В. Фонвизин, танымал кескіндемеші және график (мәскеулік андерграунд) суретші Л. Кропивницкий.

Лагерьде болған кездің өзінде «драмалық абстракционизм» идеясын Л.Кропивницкий шығарған болатын, мәскеулік суретші, Фальканың шәкірті Сібір лагері мен қарағандыға жер аударылған қапастағы кезеңнен соң оны қолдап әрі қарай Е.Розенгольц шығармашылығын шарықтатып алып кетті. Сол кезде қарындаш пен бояудың тапшылығынан картинаны шошқаның қанымен жазған, сондай жұмыстың бірі И.Борхманның жұмысы біздің мұражай қорында бар.

Танымал кітап белгісінің шебері, өнертанушы және жинақтаушы С.Ивенскийдің  арқасында мұражай қорында тамаша экслибристар да бар. Оның көрмесі тек біздің жақта ғана емес сонымен қатар шет елде де сұранысқа ие.

Графика жиынтығы Қарағандыда Бүкілодақтық акварелшілер көрмесі өткеннен кейін  жас суретші – акварелшілердің де жұмыстарымен толықты. Суретшілердің жұмыстары сатып алынды Я.Солопа, И.Плаксин, М.Хегай, Э.Селезнова, В.Шульга, Л.Фролов, ерлі-зайыпты Щетининдердің, Б.Лесовойдың жұмыстары. Бұл – Қарлагеріне барып саяхат жасап қайтқаннан соңғы әсерлерінен туындаған жұмыстар сериясы.

2014 жылы  Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайынан біздің мұражай қорына бірнеше шығармалардың келіп түсуінің арқасында мұражай коллекциясы Ә. Қастеев, Л.Леонтьев, Ж.Шарденов, М.Кенбаев, И.Кужеленко және т.б. туындыларымен толықты.

80-ші жылдары өздерінің творчествалық ізденістерімен көзге түскен суретшілер А. Нода, В. Герцен, Н. Викторова, М. Садықов   тәрізді таланттар. Олардың шығармалары ылғида басқаларға ұқсамайтын өздерінше бір тамаша өзгерісті табуға талпынатын туындылар.

Орта және жас буын өкілдері өздерінің ізденімпаздығымен ерекшеленуде, олар өнерге өздері таңдаған жолмен келе жатыр Л.Шайкежанова, Н.Дәуренбеков, А.Қалмаханов, П.Карпунина, Т. Досманов сияқты  т.б. таланттар. Бұлардың шығармалары өзінің жаңашылдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленеді. Жыл өткен сайын өмір талабына сай қаламы қарымды өнер шеберлері талантты суретшілер ұрпағы өсіп келеді.

Халықтық сәндік қолөнер бұйымдары 200 ге тарта мұражай заттарынан тұрады, олар ХХ ғасырдың әр жылдарында жасалған. Бұл  бөлімде қазақ халқының қолөнер бұйымдарына көп көңіл бөлінген. Бұл жинақтың маржаны ол киіз үй барлық құрал – жабдығымен. (ХХғ. ортасы). Сонымен қатар ат әбзелдері де өте ерекше, ұлттық киіз бұйымдар: сырмақ, текемет,  палас – алаша, олардың көбі халық шеберлерінің қолдарымен жасалса, ал енді кейбірі қазіргі шеберлердің қолдарынан шыққан. Бұл бөлімде қарағандылық қолөнер шеберлерінің де шығармалары бар олар: Т.Рольян, М.Қалқабаев, Н.Болюх және тағы басқалар. Орыс және украин халқының тамаша туындыларын да біздің жинағымыздан таба аласыз (үрленген шыны, қыш, өрнек, инкрустация). Шет елдік өнер ол француз және неміс шеберлерінің ХІХ ғасырдағы фарфор (Рубиков шынысы, «Үш ағайынды»), сонымен қатар корей халқының ағаштан жасалған бұйымдары (құмыра, сандықшалар) әдемілеп, сәндеп өрнектелген көздің майын алады.

Мүсін бөлімі ең аз бөлім не бары 79 заттан тұрады. Барлық шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысына жатады. Қарағандылық мүсіншілер, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері – Ю. Гуммель және А.Билык. Бұл бөлімге А.Цой, Ж.Қалиев, Л.Ядринцев, Л.Смаглюк және қуғын – сүргінге ұшыраған суретші Н.Рыбецкий. Ресейлік шебер мүсінші Б.Мусаттың қарағандыдағы шығармашылығы енді. Ресейлік мүсіншілердің тамаша туындылары – П. Шапиро, А.Петров, З.Озов, Л.Апресян, И.Арефьев, Л.Бугай, Х.Геворкян, Г.Додонова, И.Котов, Т.Коронна. Қазақстандық мүсіндер В.Рахмановтың жұмыстарынан көрініс тапқан.

Мұражайдың осы жылдардағы жұмыстарын: Қарағанды суретшілер Одағының жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру көрмесі, дербес көрмелер, сайыстық – көрмелер, мерейтойылқ, тақырыптық, еске алу көрмелері және тағы басқалары. Мұражайда стационарда да көшпелі көрмелер де өткізіліп тұрады. Қазақстандық және Ресейлік мұражайлармен жыл сайын ауыспалы көрмелер өткізу дәстүрге айналған. Жыл сайын мұражай залында  80 көрме өткізіледі. Орта есеппен мұражайдағы және көшпелі көрмелерге келушілер саны 75,0-85,0 мың адам.

Мұражайдағы ірі – ірі шаралар халықаралық көрмелер ол Польша, Корея, Германия, Румыния, Франция, Италия, Израйль, Куба, Қытай елдерінен келген көрмелер.

Көрермендер назарына мұражай «Уақыт түсі», «Алтын коллекцияға енген есімдер», «Мамандықтар салтанаты», «Әйел келбеті», «Әуен және рух», «Сары -Арқаның бейнелеу өнері», «Социалистік реализм», «Есімдер палитрасы»  және тағы да басқа көрмелерді ұсынып тұрады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.